Гранд-Эст

Гранд-Эст
фр. Grand Est,
фр.
Alsace-Champagne-Ardenne-Lorraine
Гранд-Эст аймағының логотипі
(Аймақ елтаңбасы)
Орналасуы
Гранд-Эст аймағы белгіленген Франция картасы
Әкімшілік
Астанасы Страсбург
Ірі қалалары Нанси, Мец, Мюлуз, Реймс
Кеңес президенті Жан Роттнер
Департаменттер 10 департамент
Кантондар 200 кантон
Коммунналар 5195 коммунна
Статистика
Халқы ( орын)
 * 01.01.]
(бағалаулар бойынша)
5 559 051
 * 08.03.2015
(санақ бойынша)
2015
 * Тығыздығы (97) /км²
Жер аумағы1 57 441 км²
Уақыт белдеуі +1
ISO FR-V
1 Өзен, су, көлдерді және ауданы 1 км² астам мұздықтарды, сондай-ақ өзендердің эстуарийлерін санамағандаға жер реестрі бойынша.
Франция

Гранд Эст немесе Үлкен шығыс аймақ (фр. Grand Est), (бұр. Эльзас — Шампан —Арденне — Лотарингия, фр. Alsace-Champagne-Ardenne-Lorraine, қысқартылған ACAL немесе ALCA) — Францияның 2014 жылғы аумақтық реформасы нәтижесінде үш аймақты: Эльзас, Лотарингия және Шампан-Арденнені біріктіру арқылы құрылған Франция аймағы. Жаңа аймақтың құрылған күні 2016 жылдың 1 қаңтары.

Ең ірі қала — Страсбург, ол сонымен қатар аймақтың астанасы болып табылады.

Атауы

Заң мәтіні біртұтас аймақтардың көпшілігінің уақытша атауын анықтады: бұл Францияның қолданыстағы аймақтарының атаулары болды, олар дефис арқылы бөлінген (француз емлесі). Тиісінше, жаңадан құрылған аймақтың уақытша атауы — «Эльзас-Шампан-Арденна-Лотарингия» — тарихи аймақтардың атауларынан тұрды, Эльзас + Шампан + Арденне + Лотарингия.

Аймақтық астананың тұрақты атауы мен орналасқан жерін Өңірлік кеңес 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін анықтап, 2016 жылдың 1 қазанына дейін Францияның Мемлекеттік кеңесімен бекітілуі керек еді. Опциялар ретінде «Acalie» (ACAL-дан, уақытша атауының аббревиатурасы), «Nouvelle Austrasie», «Hauts-de-France», «Rhin-Champagne» ұсынылды. Дауыс беру нәтижесінде Мемлекеттік кеңестің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 2016-1262 қаулысымен бекітілген Гранд Эст атауы таңдалды.

Құрама

2015 жылдың наурызынан бері жүргізілген әкімшілік реформадан кейін аймақ 4 тарихи облыс пен 10 департаменттен тұрады:

  • Арден (Шампан — Арденн): 4 округ, 19 кантон, 463 коммуна
  • Жоғары Марн (Шампан — Арден): 3 округ, 17 кантон, 438 коммуна
  • Жоғарғы Рейн (Эльзас): 4 округ, 17 кантон, 377 коммуна
  • Вогез (Лотарингия): 3 округ, 17 кантон, 514 коммуна
  • Марна (Шампан — Арденн): 5 округ, 23 кантон, 620 коммуна
  • Мез (Лотарингия): 3 округ, 17 кантон, 501 коммуна
  • Мерт және Мозель (Лотарингия): 4 округ, 23 кантон, 594 коммуна
  • Мосель (Лотарингия): 6 округ, 27 кантон, 730 коммуна
  • Төменгі Рейн (Эльзас): 5 округ, 23 кантон, 527 коммуна
  • Об (Шампан — Арденн): 3 округ, 17 кантон, 433 коммуна

Географиялық жағдай

Облыс 57,441 км² аумақты алып жатыр және Бельгия, Германия, Люксембург және Швейцариямен шектеседі. Бұл Францияның төрт мемлекетпен шектесетін жалғыз аймағы. Сонымен қатар, Гранд Эст көршілес: Бургундия — Франше-Комте, Иль-де-Франс және О-де-Франс аймақтарымен шектеседі.

Аймақтың негізгі ландшафты Вогез және Арденна тау сілемдерімен қалыптасады. Аумақтың 32,5%-ын ормандар алып жатыр.

Германиямен шекарада Рейн өзені ағып жатыр. Оған қоса, аймақ арқылы ағып жатқан тағы бірнеше ірі өзендер, соның ішінде Маас, Мозель, Марна (өзен) және Сона бар.

Облыста келесі су объектілері орналасқан:

Дереккөздер

  1. Insée
  2. LOI n° 2015-29 du 16 janvier 2015 relative à la délimitation des régions, aux élections régionales et départementales et modifiant le calendrier électoral (article 2). Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 наурыз 2015.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 25 қаңтар 2018.
  3. Cyprien Cini, Loïc Farge Élections régionales 2015 : sept nouvelles régions se cherchent toujours un nom  (фран.). RTL (14 желтоқсан 2015). Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 қаңтар 2016.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  4. Laurence Albert Les nouvelles régions à la recherche de leurs futurs noms  (фран.). Les Échos (25 Қараша 2015). Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 қараша 2015.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2019.
  5. "Acalie", "Nouvelle Austrasie", "Hauts-de-France" : polémique sur les noms des régions  (фран.). LeJDD.fr (13 mars 2016). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қаңтар 2019.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2019.
  6. Les passions se déchaînent autour des trois noms possibles pour l'ACAL  (фран.). France3-régions. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қаңтар 2019.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2019.
  7. « Grand Est » proposé pour remplacer Alsace-Champagne-Ardenne-Lorraine  (фран.). Le Monde.fr. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 желтоқсан 2018.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2019.
  8. Décret n° 2016-1262 du 28 septembre 2016 portant fixation du nom de la région Grand Est  (фран.). Légifrance.gouv.fr. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 қазан 2016.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2019.
  9. Présentation du territoire. Официальный сайт. Басты дереккөзінен мұрағатталған 7 қаңтар 2019.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 7 қаңтар 2019.
  10. Les chiffres clés

Сілтемелер